Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады - Жаңалықтар | BNews

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

24 шілде, 16:48 196 Астана
Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Өзбекстан Президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тіледі.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ Орталық Азиядағы кооперациялық байланыстардың кеңейе түскенін ерекше атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары