Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның бұрынғы Премьер-министрімен кездесті

13 қараша, 2018, 19:24 1673 Астана
Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның бұрынғы Премьер-министрімен кездесті

Ахмет Давутоғлумен кездесу Астанада өтті.

Қазақстан Президенті Түркияның бұрынғы Премьер-министрі Ахмет Давутоғлумен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Ахмет Давутоғлудың екі жақты қарым-қатынастарды дамыту ісіне сіңірген еңбегін атап өтіп, мемлекетаралық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Түркияның бұрынғы Премьер-министріне бүгінгі өткен Астана клубының отырысына белсенді атсалысып, өз ойын ортаға салғаны үшін ризашылық білдірді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталғаннан кейін Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті. Тараптар өңірдегіқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар