Мемлекет басшысы Вацлав Клаусқа және Абдолла Гүлге ризашылығын білдірді - Жаңалықтар | BNews

Мемлекет басшысы Вацлав Клаусқа және Абдолла Гүлге ризашылығын білдірді

14 қараша, 10:07 980 Астана
Мемлекет басшысы Вацлав Клаусқа және Абдолла Гүлге ризашылығын білдірді

Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталған соң Чехияның бұрынғы Президенті Вацлав Клауспен және Түркияның бұрынғы Президенті Абдолла Гүлмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар жаһандық экономикалық және саяси үдерістердің қарқынды дамуына қатысты пікір алмасып, Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайына тоқталды.

Қазақстан Президенті нарықтық экономиканы дамыту мәселесі бойынша тәжірибе алмасудың маңызды екенін айтып, қонақтарға Астана клубының отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Астана клубының үшінші отырысына қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев «Үлкен Еуразия-2027: текетірес немесе серіктестік» тақырыбымен өтіп жатқан Астана клубының отырысында ең бірінші әлемнің милитаристік жағдайына тоқталды. Ол соңғы он жылда Таяу Шығыс пен Африкада әскери қимылдардың белсенді болып тұрғанын, Ауғанстан, Ирак, Украина, Таулы Қарабақтағы жағдайлар әлі де өзекті екенін айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар