Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20 қыркүйек, 2018, 15:57 3104 Шығыс Қазақстан облысы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Сирияда ИЛ-20 ұшағының апаты салдарынан Ресей әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Көшбасшылар алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Тәжікстанда өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына  дайындық барысын қарастырды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!