Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресейге барды

06 желтоқсан, 2018, 14:52 3166
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресейге барды

Қазақстан Президенті Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына қатысады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресейге барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан Президенті Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына және ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 4 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен аталған жиын барысына дайындық мәселесін талқылап, телефон арқылы сөйлесті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар