Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Самарқандқа барды - Жаңалықтар | BNews

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Самарқандқа барды

21 наурыз, 2018, 22:43 4487
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Самарқандқа барды

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың ахуалын жоғары бағалап, оларды әрі қарай дамытудың перспективаларын талқылады.   

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мемлекет басшысы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, өзара сауда айналымының ұлғайғаны, екі елдің бизнес қауымдастығы өкілдері арасында табысты байланыстар ілгерілеп келе жатқаны атап өтілді", - делінген хабарламада.    

Қазақстан Президенті халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да екіжақты ықпалдастықтың табысты болып отырғанын айтты.

Бұдан бөлек, Самарқанд қаласына жұмыс сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен бірге "Хазірет Қызыр" мемориалды кешеніне барып, Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовтің рухына тағзым етті. 

Сондай-ақ, екі мемлекет халқына ортақ Наурыз мейрамы қарсаңында Мемлекет басшысы Өзбекстан  Президентімен бірге Самарқанд қаласының бірқатар мәдени-тарихи орындарын аралап көрді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар