Назарбаев: Әлемде әскери шығындарға бөлінетін қаржы артып келеді - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев: Әлемде әскери шығындарға бөлінетін қаржы артып келеді

13 қараша, 17:41 1249 Астана
Назарбаев: Әлемде әскери шығындарға бөлінетін қаржы артып келеді

Әлемде әскери салаға бөлінетін қаржы өткен жылмен салыстырғанда өсіп, 1,7 трлн АҚШ долларын құраған. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Club» отырысында мәлімдеді, деп xабарлайды BNews.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев «Үлкен Еуразия-2027: текетірес немесе серіктестік» тақырыбымен өтіп жатқан Астана клубының отырысында ең бірінші әлемнің милитаристік жағдайына тоқталды. Ол соңғы он жылда Таяу Шығыс пен Африкада әскери қимылдардың белсенді болып тұрғанын, Ауғанстан, Ирак, Украина, Таулы Қарабақтағы жағдайлар әлі де өзекті екенін айтты.

«Әлемде әскери салаға бөлінетін шығындар былтырға қарағанда өсіп, 1,70 триллион АҚШ долларын немесе әлемдік ЖІӨ-нің 2,2%-ын құрады. Америка Құрама Штаттары әскери салаға 611 млрд АҚШ долларын, ал Қытай 215 млрд АҚШ долларын, Ресей 69 млрд АҚШ долларын, Үндістан 56 млрд АҚШ долларын бөледі. Бұл ол елдердің ұлттық экономикасының көп бөлігін құрайды», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті әскери шығындардың артуы әлемге қауіп-қатер туғызып қана қоймай, сонымен бірге экономикалық және адами ресурстардың дамуы мен аман-саулығына тиімсіз екенін айта кетті.

«Корей түбегіндегі жағдай бүгінде әлем xалқын алаңдатып отыр. Ядролық қаруды азайту және зымаранмен қорғануға қарсы сұрақтарда үлкен державалар арасында ортақ байлам жоқ. Осы сұрақтардың бәрі тоқырап тұр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының үшінші отырсында.

Мемлекет басшысы Қазақстанның өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы ел екенін және антиядролық қозғалыстың басында жүргенін атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары