Нұрсұлтан Назарбаевқа "Smart Aqkol" ақылды қаласы көрсетілді

18 қаңтар, 2019, 15:21 2936 Ақмола облысы
Нұрсұлтан Назарбаевқа 

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында "Қазақтелеком" АҚ-ның Мәліметтерді өңдеу орталығының жұмысымен танысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Smart Aqkol" ақылды қаласы көрсетілді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысы Ақмола облысының Ақкөл қаласына жұмыс сапары барысында "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы желілік магистралінің техникалық торабы Мәліметтерді өңдеу орталығының жұмысымен танысты", - делінген хабарламада.

Бұл орталық қаладағы барлық бейнебақылау, энергия ресурстарына экологиялық мониторинг, бақылау және есеп жүргізу, жол трафигін басқару, өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерінен келіп түсетін мәліметтерді жинақтап, "Smart Aqkol" ахуалдық орталығына жолдайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар