Сапарбаев автокөлік жолдарының құрылысы барысымен танысты - Жаңалықтар | BNews

Сапарбаев автокөлік жолдарының құрылысы барысымен танысты

30 шілде, 13:09 1739 Ақтөбе облысы
Сапарбаев автокөлік жолдарының құрылысы барысымен танысты

Облыс әкімі Ақтөбе қаласын жұмыс сапарымен аралап, бірқатар көлік жобаларының барысымен танысты.

Облыс әкімі Ақтөбе қаласын жұмыс сапарымен аралап, бірқатар көлік жобаларының барысымен танысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, облыс әкімі М.Мәметова мен Н.Шәйкенов көшесі учаскесіннен Әбілқайыр хан даңғылына дейінгі көшенің бойындағы күрделі жөндеудегі автомобиль жолдарын тексерді. "Жол Алға Системс" ЖШС мердігерлік ұйымымен ені 21 метрлік және ұзындығы 1362 метр болатын 6 жолақты жолдың құрылысы жүруде. Жобада жүргіншілер тротуарларын жөндеу, велосипед жолын салу, көшелерді жарықтандыру және аялдама нүктелерін орнату қарастырылады.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев "Керуен Сити" сауда-ойын-сауық орталығының жанындағы көпір құрылысы барысымен танысты. Облыс әкімі "Сазды" өзенін кесіп өту арқылы жұмыстарымен айналысатын "Tранс МостГрупп" компаниясының басшылығына құрылыс жұмыстарының төмен деңгейін және жұмыс кестесінен қалып жатқандығын жеткізді.

"Қаржыландыруда ешқандай проблемалар жоқ, сіз ақшаны уақытылы алсаңыз да, көпір құрылысы өте баяу. Мұндай қарқынмен көпір уақытында салынбайды. Азаматтар үшін белгілі бір қолайсыздықтар бар. Сондықтан құрылыс жұмыстарын жандандыру қажет", - деді әкім.

Сондай-ақ, аймақ басшысы "Тургенев автомобиль жолын Жұбанов көшесіне дейін ұзартуды қайта жаңғырту" жобасын жүзеге асыруды тексерді, ол екі айналымды және жарықтандыруы бар туннельді салуды қарастырады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтетіні туралы айтқан еді. Жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтады. Елбасы Жолдауда транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті туралы айтқан еді.

"Үлкен деректерді" (Big data) пайдалану сапалы талдауды қамтамасыз етуге, өсімнің резервін анықтауға және артық шығынды азайтуға жағдай туғызады. Осы мақсаттар үшін Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажет. Бұл жүйе көлік ағынын тиімді басқаруға және инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттігін анықтауға жол ашады. Ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек. Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет. Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек", - деді Елбасы Жолдауда.

Ақтөбедегі бұл жобаны іске асыру  облыс орталығының орталық көшелерінде қозғалысты айтарлықтай жеңілдетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: