Қызылорда облысының 7 мыңға жуық түлегі жоғары оқу орындарына оқуға түсті

21 қыркүйек, 2018, 18:36 3142 Қызылорда облысы
Қызылорда облысының 7 мыңға жуық түлегі жоғары оқу орындарына оқуға түсті

Биыл 7112 түлек мектеп бітіріп, олардың 4742-сі яғни 66,6%-ы ҰБТ-ға қатысты. Орташа балл - 85,82%, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,4 балға артты.

2018 жылы Қызылорда облысының 7 мыңға жуық түлегі жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түсті, деп хабарлайды BNews.kz Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік грант иегерлері 57,6%-ды құрады, өткен жылмен салыстырғанда грант иегерлерінің саны 509-ға артты, яғни 2733 түлек мемлекеттік гранттарға ие болды. Олардың 823-і "Серпін" бағдарламасы бойынша грант иегері атанды.

Талапкерлердің 45,2% - техникалық, 25,4% - педагогикалық, 7,5% - медицина, 10,3% - ауылшаруашылық мамандықтарын таңдаса, 11,3% басқа салалар бойынша білім алады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар