АҚШ-та қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.95
EUR 431.2
CNY 55.93
RUB 5.66

АҚШ-та қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды

17 қазан 2013 ж 11:35 , Астана

АҚШ-та алғаш рет қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды. Антология атауы – «Ұлы Дала әңгімелері: Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің антологиясы», деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.


«Шараға қоғамдық-саяси және академиялық топтардың, дипкорпустың өкілдері, қазақ диаспорасының мүшелері мен өнер және мәдениет саласының мамандары қатысты», - делінген ақпаратта.
Шарада сөз сөйлеген Қазақстан елшісі Қайрат Омаров аталмыш басылымның жоғары мәдени құндылығын атап өтті. Оған қазақстандық жазушылар мен ақындардың таңдаулы шығармалары кірді. Сондай-ақ, ол мәдениет саласында өзара ынтымақтастық орнатуға барлық жағдайдың жасалғанын айтты.
Таныстырылған кітапты онлайн дүкендерден сатып алуға болады.