Ақтөбедегі күзет мекемелері қару сақтау ережелерін бұзды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 378.66
EUR 431.56
CNY 55.89
RUB 5.7

Ақтөбедегі күзет мекемелері қару сақтау ережелерін бұзды

ФОТО: автор

Ақтөбедегі күзет мекемелері қару сақтау ережелерін бұзды. Облыстық Ішкі істер департаментінің аймақтық бөлімшелері 469 қызметтік қаруды тәркілеп, уақытша сақтап отыр, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Ақтөбеде үш ай бойы «Қару» жедел алдын алу шарасы өтті. Қыркүйек-қараша айлары аралығында құқық қорғаушылар азаматтық қару иелерін түгел тексерді. Өз қауіпсіздігі үшін үйлерінде қару сақтап отырған 8 мыңнан астам азаматтың кейбірі сақтау талаптарын орындамаған.

«Олардың 200-ден астамы сақтау талаптарын, 74-і тіркеу және қайта тіркеу ережесін бұзған. Ал 30-ы тегіс ұңғымалы қаруды заңсыз сақтаған. Үш ай ішінде барлығы 331 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, иелеріне айыппұл салынды. Сонымен қатар, жеке күзет мекемелерінде қару сақтау ережесі тексерілді. Қазіргі уақытта 400-ден астам қару облыстық ІІД-нің уақытша сақтау қоймасында. Заңсыздықтар жойылса, қару кері қайтарылады»,- дейді Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімшесінің бастығы Ардана Саймағамбетов.

Айта кетейік, өңірде тіркеуде жоқ қару-жарақты сатып алу акциясы өтті. Жыл ішінде 198 қаруды облыстық ішкі істер департаментінің аймақтың бөлімшелері сатып алды. Тұрғындар 600-ден астам оқ-дәрі мен 34 келі жарылғыш затты өз еркімен полицияға берген. Оларға 9 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Ал келер жылы мемлекеттік бюджеттен қару сатып алуға 6 миллион теңге берілмек.