Алматыда қарбыздарды тексеруден өткізіп жатыр
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.95
EUR 431.2
CNY 55.93
RUB 5.66

Алматыда қарбыздарды тексеруден өткізіп жатыр

30 маусым 2016 ж 08:30
ФОТО: BNews.kz мұрағаты

Ақтауда адамдардың улану оқиғасынан кейін Алматы қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті (ТҚҚД) базарларда сатылып жатқан қарбыздардың сапасын тексеріп, биылғы жылы жеміс-жидектерде нитраттардың шектеулі нормадан асып кету жәйттері анықталмағанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz.


Ведомствоның ақпаратына сай, жеміс-жидектерде биыл нитраттардың шектеулі нормадан асып кету жәйттері анықталмаған. Бүгінгі таңда Алматыда  бау-бақша өнімдерінен, нақты айтқанда қауын-қарбыздан улану дерегі тіркелген жоқ.

«Бау-бақша өнімдеріндегі нитраттар шектеулі нормадан асып кеткені анықталған жағдайда аталмыш өнімнің қайдан жеткізілгені, оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары тексеріледі», – деді ТҚҚД басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Әбдіжаппарова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ереже бұзушылық анықталған жағдайда айыппұл салынып, өнім саудадан алынады.