Алматылық екі келіншек отандық телевизия тарихында тұңғыш рет ток-шоуда рекордтық сома жеңіп алды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 375.9
EUR 423.56
CNY 54.06
RUB 5.55

Алматылық екі келіншек отандық телевизия тарихында тұңғыш рет ток-шоуда рекордтық сома жеңіп алды

18 сәуір 2012 ж 17:13 , Астана

Алматылық азаматшалар Римма Дүйсенғалиева мен Сабира Күлсариева «Қырық миллион теңге» шоуында ұлттық телевизия үшін рекордтық сома – 11 миллион теңге ұтып алды.


«14 сәуірде «Жетінші арна» эфиріндегі «Қырық миллион теңге» шоуында қос құрбы Римма Дүйсенғалиева мен Сабира Күлсариева 11 миллион теңге ұтып алды», - деп жазады «Экспресс К» газеті.
Бесінші сұрақтан кейін олардың қоржынында 11 млн теңге сақтаулы қалды. Алтыншы және жетінші сұрақтарда тәуекелге бел буып, таймердің дабылы қағылмастан сабырмен жауап берген қос құрбы бір тиынын да жоғалтқан жоқ. Алайда соңғы сұрақта сәл кідірген олар іштей интуициясына сеніп, онысы оларды жарға жықпады.
«Көріскенше, Медеу!» кинофильмінде басты рөлді кім сомдады: «Роза Рымбаева» немесе «Ирина Ажмухамедова»?» деген сұраққа жауап ретінде бірінші нұсқасын таңдап алған қатысушылар қателеспей, қазақстандық телевизия тарихында тұңғыш рет 11 млн теңге көлеміндегі ең ірі ұтысқа кеңелді.
Атап өту керек, бұған дейін 2011 жылы 14 ақпанда ұтыс бойынша рекорд орнатқан Александр Ан мен Анжелика Ким болатын, олардың ұтысы 9 млн теңгені құрады. Ол тек қазақстандық телевизия тарихында емес, сондай-ақ ТМД-дағы The Money Drop форматы бойынша түсірілген шоулардың арасындағы ең үлкен ұтыс болатын.
 


Қатысты жаңалықтар: