Аршалының үш елді мекені таза сумен қамтылды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 371.31
EUR 419.32
CNY 53.83
RUB 5.59

Аршалының үш елді мекені таза сумен қамтылды

Ақмарал, 9 желтоқсан 2016 ж 18:39 , Ақмола облысы
ФОТО: автор

Ақмола облысының Аршалы ауданында бiрнеше елдi мекендi таза сумен қамтитын жаңа су тартқыш кешенi салынды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.


Арнасай ауылында Аршалы поселкесiне дейiн ұзындығы 22 шақырым болатын су тартқыш кешен желiсiн қайта жөндеу жобасы «Сапалы су» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды. Осының нәтижесiнде мұнда 3 су тартқыш станция, 2 резервуар, су жинау және тазарту қондырғылары салынды. Ендi 2500 адам тазартылған ауыз суды пайдаланатын болады.

Мемлекеттік бағдарламаның ыждаһаттылықпен орындалуы бұйығып жатқан ауылдардың бойына қан жүгірткендей.

«Ауылдарда шешімін таппай  келе  жатқан мәселенің бірі ауыз суға қатысты еді. Орталықтандырылған желімен келетін тіршілік нәрін тұрғындар жеткілікті пайдалана алған жоқ. Үш елді мекенге таза су жеткізілуі ел есінде қаларлықтай ерекше оқиға. Бағдарламаны жүзеге асырудағы облыс басшылығының тындырымды жұмысын ерекше айтуға болады»,–дейді аудан әкімі Азамат Тайжанов.