Қазақстан twitter-пайдаланушыларының рейтингісі жарияланды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 365.49
EUR 420.35
CNY 52.66
RUB 5.6

Қазақстан twitter-пайдаланушыларының рейтингісі жарияланды

16 сәуір 2013 ж 10:43 , Астана

Қазақстандық туиттер пайдаланушыларының рейтингісі жарияланды. Бұл туралы BNews.kz тілшісі TopTweets.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Бұл рейтингте 70 мыңнан астам оқырманы бар бұрынғы үкімет басшысы, қазіргі Президент Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов көш бастап тұр. Екінші орында chucknorris (Чак Норрис) атты қолданушы, үшінші орынға танымал мәнерлеп сырғанушы Денис Тен орналасыпты. Д.Теннің 7,5 мың оқырманы оның 1291 микрожазбасын 2283 мәрте басқаларға жолдаған.
Бір қызығы, 7-орынға тұрақтаған айтыскер Балғынбек Имашев Ақорданың баспасөзі қызметінен (8-орын) бір саты жоғары орналасыпты. Оның 426 микрожазбасын 2,3 мың оқырманы 1935 мәрте ретуит жасаған.
Абай Құнанбайұлы деген никті таңдап алған қолданушы танымал блогшы Әлішер Елікбаевтан кейінгі 19-шы орынға тұрақтап, 750 жазбасын туиттерлік 2415 оқырманы 1200 мәрте өзгеге жолдаған.
Экс депутат, қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханов 20 орында, Мұхамеджан Тазабек 21 орында орналасқан.
Бұл рейтингтегі мемлекеттің мекемелер мен ұйымдардың орындарына көз жүгіртсек, Үкімет басшысының аккаунты – 40, «Жас Отан» ЖҚ – 120, Бас прокуратура - 292, «Нұр Отан» ХДП – 327, Қаржы министрлігі – 377, Көлік және коммуникация министрлігі – 439, ІІМ – 685, Қаржы полициясы – 695, Денсаулық сақтау министрлігі – 717, Білім және ғылым министрлігі – 817, Астана қаласы әкімдігі - 949 орындарда.
Бұл жоба – күнделікті қазақстандық туиттер пайдаланушыларының үздік жазбаларының қолма-қол тізбесін жасап отырады. Қазір жобадағы рейтинг қазнеттің мыңға жуық танымал микроблогшысыларын қамтыған.
 


Қатысты жаңалықтар: