Қазақстанда заң жобалары қазақ тілінде жазылатын болады
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 319.32
EUR 396.28
CNY 50.34
RUB 5.66


Қазақстанда заң жобалары қазақ тілінде жазылатын болады

24 тамыз 2012 ж 12:19 , Астана

Заңдар мен халықаралық келісім-шарттар мен заңдар мәтінінің түпнұсқадан ауытқымауына қол жеткізу мақсатында келешекте Қазақстанда заң жобалары мемлекеттік тілде жазылып, орыс тіліне аударылатын болады. Бұл туралы бүгін Заң шығару институтының Лингвистика орталығының бастығы Серік Төлепбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 


Оның айтуынша соңғы уақытта мемлекеттік органдар даярлап, ҚР Заң шығару институтына ғылыми-лингвистикалық сараптамаға ұсынылатын заңдардың түпнұсқалылығы мәселесі бойынша, яғни көп ретте терминдердің немесе сөз тіркестерінің бірнеше түрлі мағынаға пайдаланылуына қатысты көптеген проблема туындаған.
«Осы бағыттағы сәйкес тапсырма Дамыту бойынша заңнама институты атынан Әділет министрлігіне берілген болатын. Қазір көп заңдар орыс тілінде дайындалып, содан кейін қазақ тіліне аударылатынын ескере кету керек», – орталық басшысы.
Сондықтан келешекте заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер ең бірінші мемлекеттік тілде даярланып, сосын орыс және басқа тілдерге аударылуы тиіс. Сонда заңның түпнұсқадан ауытқуына қатысты мәселенің түйіні өзінен-өзі шешілетінін де атап өтті С.Төлепбаев.
Заңдарды даярлау ережесіне нақты қай уақыттан бастап өзгеріс енгізілетіні айтылған жоқ.
Еске сала кетсек, Заң шығару институтының Лингвистика орталығы орысша-қазақша терминологиялық сөздік шығарған болатын.  


Қатысты жаңалықтар: