Қазақстанның үш облысының әкімдігі астық өнімділігі бойынша мәліметтерді асырып көрсеткен
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 319.32
EUR 396.28
CNY 50.34
RUB 5.66


Қазақстанның үш облысының әкімдігі астық өнімділігі бойынша мәліметтерді асырып көрсеткен

13 қараша 2012 ж 17:01 , Астана

Қазақстанның үш облысының әкімдігі астық өнімділігі бойынша мәліметтерді көтермелеп көрсеткен. Бұл жөнінде бүгін брифинг барысында ауыл шаруашылық вице-министрі Мүсілім Өмірияев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.


«Ауыл шаруашылық министрлігі дәнді дақылдар өнімділігі мен жалпы жинауды әділ бағалау мақсатында ғарыштық мониторинг мәліметтерін қолданды, аталмыш қызметтерді ұсынуға тиісті келісімшарттар жасалды. Бүгінде ғарыштан ұсынылған ғарыштық мониторинг нәтижелері бізге облыс әкімдіктері ұсынған алдын-ала көрсеткіштерден ерекшеленеді. Осылайша, жалпы жинау көлемі 3 негізгі астық егуші облыстарда ғарыштық мониторинг мәліметтері 9,8 млн тоннаны, ал осы облыстар әкімдіктерінің мәліметтері бойынша жалпы астық мөлшері 11,2 млн тоннаны құрады. Яғни бұл көрсеткіштер бойынша айырмашылық – 1,4 млн тонна, бұл әрине, бізде, Ауыл шаруашылық министрлігі ретінде осы мәліметтердің әділдігіне күман тудырады», - деді М.Өмірияев.

«Бұл фактіні ауыл шаруашылық министрінің блогына келіп жатқан кей жағдайда әкімдік қызметкерлерінің астық өнімділігінің артқаны туралы қосып жазуын өтініш қылатынын көрсеткен жолданымдар растап отыр», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, министрлік өкілі «егін шығымдылығы бойынша шынайы жағдайды анықтау үшін» таяу арада бұл деректерді қайта тексеретінін айтты.
Егер асыра мәлімдеу туралы ақпарат расталатын болса, Қазақстанның экспорттық әлеуеті қайта қарастырылатынын нақтылады ол.
 


Қатысты жаңалықтар: