Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерекше флешмоб өтті
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 339.95
EUR 392.64
CNY 52.51
RUB 5.3

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерекше флешмоб өтті

9 желтоқсан 2016 ж 19:57 , Қызылорда облысы

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Осы атаулы күнге орай Қызылордада ерекше флешмоб өтті, деп хабарлайды BNews.kz.


Қаладағы жоғарғы оқу орындарынан жиналған мыңға жуық студент плакаттар арқылы «Коррупция stop» сөзін жазып, қоғамымызда белең алған сыбайлас жемқорлық індетіне наразылықтарын білдірді. Алаңға жиналған жастар алдында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Сансызбайұлы сөз сөйлеп, оларды коррупциямен бірлесе күресуге шақырды.

Шара соңында студенттер патриоттық ән шырқап, шеру өткізді.


Қатысты жаңалықтар:

Серіктестер жаңалықтары