Н.Назарбаев Астанада аштық құрбандарына арналған ескерткішті ашты (ФОТО)
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 375.9
EUR 423.56
CNY 54.06
RUB 5.55

Н.Назарбаев Астанада аштық құрбандарына арналған ескерткішті ашты (ФОТО)

31 мамыр 2012 ж 10:56 , Астана

Бүгін Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» ескерткішін ашты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.


Монумент Республика мен Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан. Ескерткіш қою туралы ойды Елбасы ұсынған.

Композиция әйел мен бала бейнелерінен тұратын мүсін тобынан, сондай-ақ «Аза қабырғасынан» тұрады. Монументтің мүсін тобы бөлігінің авторы - Валерий Пирожков.

«Біз «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументін ашаршылықта құрбан болған қазақстандықтар туралы естелікті халық жадында мәңгі қалдыру үшін ашып отырмыз. Большевиктік ұжымдастыру өте қатал сынақ болды, ол ауылдың сан ғасырлар қалыптасқан өмір салтын талқандап, көшпенділердің мыңдаған жылдар бойғы өркениетін жойып жібергісі келді. Осының бәрі миллиондаған адамның қайғы-қасіретіне алып келді», - деді Н.Назарбаев монуметтің ашылуында сөйлеген сөзінде.
 


Қатысты жаңалықтар: