Ақмола облысында 10730 бала материалдық қолдауға зәру
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 346.68
EUR 404.02
CNY 51.15
RUB 5.47

Ақмола облысында 10730 бала материалдық қолдауға зәру

ФОТО: glavny.tv

Ақмола облысында 10730 бала материалдық қолдауға зәру. Олардың ішінде 1053 бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.


Былтыр «Мектепке жол» республикалық акциясы шеңберінде 12399 бала материалдық көмек алған. Биыл да акция шеңберінде кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек қолын созуға ниет танытып отыр.

«Басты мақсат – жағдайы жоқ отбасылар балаларын мектепке дайындау, олардың білім алуына мүмкіндік беру. Соған орай 1-сыныпқа баратын 210 баланың тізімі жасалды. Оларға акция барысында көмек жасалады. Облыс орталығында Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамы 57 балаға, Сбербанк 50 балаға, облыстық басқармалар 50 балаға, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары мен «Нұр Отан» партиясының филиалдары 33 оқушыға, Халық банкі 10 оқушыға, Евразия банкі 10 оқушыға рюкзактар мен оқу құрал-жабдықтарын сатып әперуге уәде етті»,–дейді Көкшетау қалалық білім бөлімінің жетекшісі Бейбіт Жүсіпов.

Бұл үшін осы қайырымдылық көмекті қабылдайтын арнайы пункттер жұмыс істеуде. Мұнда әкелінген қай оқушылар киімі мен оқу құралдары болсын, арнайы тіркеуге алынып, әрбір мектеп арқылы анықталған әл-ауқаты төмен отбасылардың балаларына тізім арқылы таратылып беріледі.

"Тамыздың 20-сы күні мектеп жәрмеңкесі өтеді. Бұл да өз кезегінде киім-кешек пен кеңсе тауарларын жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік бермек", - дейді қала тұрғыны.

Акция барысында мектепке бармайтын балаларды анықтау рейдтері де бірге өткізілуде. 


Қатысты жаңалықтар:

Серіктестер жаңалықтары