ОҚО бағбандары әйелдер мерекесі қарсаңында 50 мың раушангүлін сатылымға шығармақ - Жаңалықтар | BNews

ОҚО бағбандары әйелдер мерекесі қарсаңында 50 мың раушангүлін сатылымға шығармақ

02 наурыз, 2018, 20:20 2536 Оңтүстік Қазақстан облысы
ОҚО бағбандары әйелдер мерекесі қарсаңында 50 мың раушангүлін сатылымға шығармақ

Өткен жылы облыс бойынша 45 мың гүл сатылған еді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы шаруа қожалығы 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 50 мың дана раушан гүлін сатылымға шығармақ, деп хабарлайды BNews.kz.

"Гүл Мансұр" ЖШС-нің 1 гектар жылыжайында бүгінде "Черная магия" тұқымды раушан гүлі күтіп, бапталуда. Облыс әкімінің баспасөз қызметі өткізген кезекті ақпараттық тур аясында БАҚ өкілдері аталған қожалықтың мереке алдындағы дайындығымен танысты. 

Гүл өсірумен айналысатын шаруа қожалық 2012 жылы екі жанұяның бірігуімен құрылған. Жобаның инвестициялық кұны 12 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда серіктестіктің меншігінде 2,5 гектар егістік жер бар.  Оның 1 гектары жылыжай. Онда ерекше тұқымды раушан гүлі өсіріледі. Қожалық иесі гүлдерге сұраныс жыл өткен сайын артып келе жатқанын айтады.

"Гүлді алғаш рет 2013 жылы 0,40 гектар жылыжайға егіп көрдік. Сосын гүлге деген сұранысты байқаған соң, жылыжай көлемін 1 гектарға дейін ұлғайттық. 2017 жылы 45 мың дана гүл дайындалып, ауыл, аудан және облыс көлемінде сатылымға шығарып, табысқа кенелдік. Биыл түсім одан да жақсы болады деген үміттеміз", - деді қожалық иесі.

Қожалық бүгінде 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Маусым кезінде мұндағы жұмысшылар саны 20-ға жетеді. Әрбір қызметкерге 50 мың теңге көлемінде еңбекақы төленеді. Шаруашылық басшылығы болашақта жылыжай ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар