ОҚО-да әлемде ең жылдам өсетін ағаш көшеттері отырғызылды - Жаңалықтар | BNews

ОҚО-да әлемде ең жылдам өсетін ағаш көшеттері отырғызылды

ОҚО-да әлемде ең жылдам өсетін ағаш көшеттері отырғызылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында 2 гектар жерге әлемдегі ең жылдам өсетін Павловния ағашының 37 мың түп көшеті отырғызылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Еуропадан әкелініп, Сарыағаштың топырағына жерсіндірілген ағаш әсіресе жиһаз бен музыкалық аспап жасауға таптырмайды. Айналасы 5 жылда 30 метрге дейін өсетін талдың саясы кең, алты апта бойы гүлдеп тұрады.  Шілденің аптап уақытында ауаны тазартуда да септігі зор.

Павлония ағашын Сарыағаш жеріне жерсіндіруді жеке кәсіпкер Балтабай Құрбанбаев алғашқылардың бірі болып іске асырған. Бүгінде оның қожалығында 37 мың түп Павлония көшеттері күтіп, бапталуда. Ағаш өнімдеріне деген сұранысы көп оңтүстік өңірі үшін әр үш жылда 8 рет кесіп алып, қажеттілікке жаратуға өте тиімді дейді жеке кәсіпкер. 

"Бұл ағаш түрінің тиімділігі мол. Былтырғы жылы Еуропадан арнайы әкеліп отырғыза бастадық. Аталған ағаш үшін Сарыағаштың топырағы мен климаты да өте қойлайлы. Сондықтан бұл ағаш түрін жерсіндіруге жүрексінген жоқпыз", - деді Балтабай Құрбанбаев.

Бір қызығы, бұл ағаштың жапырақтары көктемде бүршік жармас бұрын гүлдейді екен. Талдың күтімі жақсы болса, 100-180 жылға дейін өмір сүреді.

Ұқсас жаңалықтар