ОҚО-да "Астананың 20 жылдығына – 20 нысан" акциясы басталды - Жаңалықтар | BNews

ОҚО-да "Астананың 20 жылдығына – 20 нысан" акциясы басталды

ОҚО-да

Аталған мереке қарсаңында облыста 20 нысан ашылып, ел игілігіне беріледі.

Биыл Астананың 20 жылдығы атап өтіледі. Осы мақсатта Оңтүстік Қазақстан облысында  "Астананың 20 жылдығына - 20 нысан" акциясы басталды, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған мереке қарсаңында облыста 20 нысан ашылып, ел игілігіне беріледі. Акция аясында Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" индустриалды аймағында орналасқан "Шымкент Темір" ЖШС-нің болат құю зауыты іске қосылады. Жалпы құны 4,2 млрд. теңге болатын кәсіпорын жылына 240 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өндіріс орны іске қосылғанда 150 азамат жұмыспен қамтылмақ.

Сонымен қатар, Шымкентте ұлттық теннис орталығы, зообақтың "Сафари" бөлігі мен Астана даңғылының бойында гүлзардың ашылу рәсімі өтеді. Бұдан басқа мерейтой қарсаңында ел игілігі үшін облыс аумағында 4 балабақша,  Шардара ауданында 10 пәтерлі екі қызметтік тұрғын үй мен Төле би ауданында 20 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй, ал Бәйдібек ауданында 1 пәтерлі 20 коммуналдық тұрғын үй құрылысы пайдалануға беріледі.

1-6 шілде аралығында Түркістан қаласында "Яссы құс" шаруа қожалығының екінші кезеңі, сиымдылығы 200 тонна болатын көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын сервистік орталық ашылады. Астана қаласының 20 жылдығына 20 нысан акциясы барысында 200 орындық мәдениет үйі мен 600 орындық мектеп, 60 балаға шақталған "Ақкен" емдеу-сауықтыру лагері және спорт нысандары мен демалыс орындар ел игілігіне тапсырылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары