ОҚО-да биыл 50 білім ұясы пайдалануға беріледі
Оның 15-і "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатыр.
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 50 білім ұясы ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Оның 15-і "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатса, бесеуі республикалық бюджет есебінен бой көтеруде. Ал облыстық бюджеттен қаралған 9,5 млрд теңгеге салынып жатқан 30 мектептің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың халық алдында берген есебінде айтылды, деп хабарлайды BNews.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы 2017 жылы барлық бюджеттерден бөлінген қаржы есебінен 32 мектеп ел игілігіне тапсырылды. Тарқатып айтсақ, 2017 жылы облысымыздағы білім беру саласына Ұлттық қордан 29,8 млрд теңге бөлініп, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 35 білім беру нысындарының құрылысы жүргізілген еді.
Бұдан бөлек, бүгінде республикалық бюджеттен қаралған 4,2 млрд теңгеге 4 мектеп пен 1 мектеп-интернаттың құрылысы жүргізіліуде. Аталған нысандар жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылатын болады.
"2017 жылы облыстық бюджеттен қаралған 9,5 млрд. теңгеге 39 мектеп пен 3 колледждің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 12 мектеп пайдалануға берілсе, қалған 30 нысанның құрылысы 2018 жылы аяқталады деп күтілуде", - делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.
Қорыта айтқанда бүгінде облысымызда 50 білім нысанының құрылысы қарқын алған. Егер құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілсе, барлық нысан жыл соңына дейін тапсырылады.
Бұдан бөлек, облыстық құрылыс басқармасы 2018 жылы білім ұяларының құрылысын салуға республикалық бюджеттен қосымша қаржы қарастыруға ұсыныс жолдаған. Егер ұсыныс қабылданып жатса, тұрғызатын білім ұяларының қатары артады деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақтөбеде 10 жасар қыз сабақ үстінде қайтыс болды
-
ОҚО әкімі оқу орындарында жаңа кафедра ашуды ұсынды
-
Қостанай облысындағы ауыл мектебі озық робот техникасына қол жеткізді
-
ОҚО-да "Бірге жарқыраймыз" фестивалі аясында 80 мың жеміс ағашы отырғызылды
-
Алматыда биылғы жылы бірқатар ірі өндіріс нысандары салынады
-
Премьер-министр Атыраудағы бірегей көпір құрылысымен танысты
-
Сағынтаевқа Атырау облысындағы студенттік жатақханалар құрылысының жобалары таныстырылды
-
Жастар арасында тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру керек - Әбдіқалықова
Ұсынамыз
-
Астанада "Рухани жаңғыру — Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" бағдарлама жобасы талқыланды
14 сәуір, 19:40
2890
-
ОҚО-да "Бірге жарқыраймыз" фестивалі аясында 80 мың жеміс ағашы отырғызылды
14 сәуір, 16:25
2810
-
Ақмола облысында өртенген автобустан 25 адам эвакуацияланды
14 сәуір, 12:08
2807
-
Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын зерттеу қажет – Назарбаев
16 сәуір, 16:03
2467
-
Елбасы көші-қон туралы заңға қол қойды
16 сәуір, 14:39
2359
-
Түбінде Наурыз біздің негізгі жаңажылдық мерекеміз болады – Назарбаев
21 наурыз, 13:10
4784
-
Белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов өмірден озды
21 наурыз, 14:09
4668
-
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 наурыз, 12:01
4611
-
ЭКСПО аумағында алғаш рет Наурыз мейрамы тойлануда
21 наурыз, 15:07
4611
-
ОҚО-дағы Қазығұрт тауына аспалы арқан жол салынады
21 наурыз, 17:18
4541