ОҚО-да кәмелетке толмаған қыз бен жігіт тауда адасып кетті - Жаңалықтар | BNews

ОҚО-да кәмелетке толмаған қыз бен жігіт тауда адасып кетті

22 наурыз, 12:45 3969
ОҚО-да кәмелетке толмаған қыз бен жігіт тауда адасып кетті

Тұман салдарынан жастар қайтар жолды таппай, адасып қалған.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында құтқарушылар тауда адасып кеткен жігіт пен қызды құтқарды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

 21 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысының құтқарушыларына тауда адасып кеткен 17 жастағы қыз бен жігіт туралы хабарланған. Олар кешке қалың тұман түскендіктен қайтар жолды таппай қалған. Жастар телефон арқылы өздерінің нақты қай жерде екенін айта алмаған, түнгі уақытта іздеу жұмыстары да қиындай түскен.

"Бүгін, 22 наурыз күні сағат 10:30-да Қазығұрт ауданында Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы Қазығұрт тауында адасып кеткен жастарды тауып, туыстарына жеткізді", - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар