ОҚО-да өрт салдарынан жеті айлық сәби көз жұмды

2 Мая, 2018, 15:54 1910
ОҚО-да өрт салдарынан жеті айлық сәби көз жұмды |  | BNews.kz

Аталған ақпаратты ОҚО ТЖД баспасөз қызметі растады.

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында Есболаев көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй өртке оранған. Өрт салдарынан жеті айлық нәресте қайтыс болды, деп хабарлайды BNews.kz Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт аумағы 6 шаршы метрді құраған. Тілсіз жауды сөндіруге ОҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінен 7 қызметкер, 3 дана техника жұмылдырылған.

Сондай-ақ, Отырар аудандық ІІБ-нің 4 қызметкері мен 1 дана техника тілсіз жауды ауыздықтауға атсалысқан. Жеке тұрғын үйде орын алған өрт салдарынан 2017 жылдың қыркүйегінде туған жеті айлық сәбиді күйік шалған. Нәресте ауыр күйік салдарынан көз жұмды деген ақпаратты ОҚО ТЖД баспасөз қызметі растады.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13927

Похожие новости