ОҚО-да полицейлер кісі өліміне қатысты үш күдіктіні ұстады - Жаңалықтар | BNews

ОҚО-да полицейлер кісі өліміне қатысты үш күдіктіні ұстады

ОҚО-да полицейлер кісі өліміне қатысты үш күдіктіні ұстады

Сондай-ақ, жас жеткіншектер қарақшылық жасады деген күдік те бар.               

Биыл  26 қаңтарда Түркістан ҚІІБ-на жергілікті тұрғын арызданған, онда өз автокөлігімен жұмыстан қайтып келе жатқан әкесі үйіне қайтпай, жоғалып кеткенін көрсеткен, деп хабарлайды BNews.kz ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Полицейлер жоғалған ер азаматты табу мақсатында барлық қажетті іс-шараны жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жәбірленушінің автокөлігін Түркістан қаласының маңында орын алған жол көлік оқиғасы болған жерден тапты. Түркістан ҚІІБ-ның қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жәбірленушінің денесін қайда тастағанын көрсеткен, күдікті үш жас жеткіншекті ұстады. Олар ОҚО-ның тұрғындары болып шықты", - делінген хабарламада.

Аталған жайт бойынша "адам өлтіру" және "қарақшылық" екі бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер болған жайтты анықтауда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары