ОҚО-да рейд барысында техникалық байқаудан өтпеген көліктің көп екені анықталды - Жаңалықтар | BNews

ОҚО-да рейд барысында техникалық байқаудан өтпеген көліктің көп екені анықталды

ОҚО-да рейд барысында техникалық байқаудан өтпеген көліктің көп екені анықталды

"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы мен көлік инспекциясы өкілдері жол сақшыларымен бірлесіп рейд ұйымдастырды, деп хабарлады otyrar.kz.

Тәртіп сақшылары мен испекторлар жеңіл және жүк көліктері мен жолаушылар тасымалдайтын шағын автобустарды тексерді.

Тексеру барысында құжатсыз жүрген жүргізушілер тіркелген жоқ. Бірақ кейбірінің техникалық байқаудан өткенін растайтын қағаздары жалған болып шықты. Алғашқы жарты сағат ішінде жол инспекциясы 9 көлікті тоқтатып, оның 5-нің арнайы орталықтарда техникалық тексерулерден өтпегенін анықтады.

Мамандар кей жүргізушілердің көліктерін тексеруден өткізбей-ақ, суретін телефонмен хабарлама арқылы жіберіп-ақ құжат алғандарын айтады.
Тәртіп сақшылары жалған құжатпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салды. Мұндай құжатты әзірлеген компаниялар да жазаланбақ. Жақын уақытта инспекция мамандары  осындай жалған құжат жасаумен айналысатын 4 компанияны анықтап, ішкі істер органдарына тапсырған.

Ұқсас жаңалықтар

`