ОҚО-да Түлкібас ауданының атауы өзгертілмек - Жаңалықтар | BNews

ОҚО-да Түлкібас ауданының атауы өзгертілмек

ОҚО-да Түлкібас ауданының атауы өзгертілмек

Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Оңтүстік Қазақстан облысында Түлкібас ауданының атауы "Түркібасы" деп өзгертілмек, деп хабарлайды BNews.kz ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Талай тұлғалар түлеп ұшқан киелі мекен Түлкібас ауданының атауын "Түркібасы" деп өзгерту туралы ұсыныс дер кезінде көтеріліп отыр. Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өңіріміздегі жер, су аттары тарихи атауларына қайта қол жеткізіп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бүгін бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті", - делінген хабарламада.

Сессия барысында азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру, республикалық ономастика комиссиясының қарауына Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының атауын қайта атау жөніндегі ұсынысы енгізілді.

"Соңғы жылдары бұл мәселе бірнеше рет көтерілді. Кеңес заманында ауданның тарихи аты бұрмаланғаны тарихшы ғалымдарға да белгілі. Сондықтан Түлкібасы атауын Түркібасы деп өзгерту туралы ұсынысты бірауыздан қолдаймын. Аталған мәселе облыстық әкімдік пен облыстық мәслихат тиісті шешім шығарып, облыстық ономастикалық комиссияда қаралды. Соңғы шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайтын болады", - деді Жансейіт Түймебаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары