ОҚО-да жаңа жыл түні 300 бала дүниеге келді

Написать нам
03 қаңтар, 2018, 09:53 1002 Астана
ОҚО-да жаңа жыл түні 300 бала дүниеге келді

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жаңа жыл түні жалпы саны 300 бала өмірге келді, деп хабарлайды BNews.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Бір ғана №2 облыстық перинатальдық орталықта 17 бала туылған. Орталық дәрігерлері бұл жылдағыға қарағанда жоғары көрсеткіш деп отыр.

Жыл басында дүниеге сәби әкелген қала тұрғыны Ақсәуле Дәулетованың дәрігерлерге алғысы шексіз.

«Бұл менің үшінші перзентім. Тұңғыштарым егіздер. Сәбиімнің жағдайы жақсы. Дәрігерлерге алғысым шексіз. Мереке күні тынбай жұмыс істеді. Еліміздің халқы жылдан жылға көбейе берсін», - деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар