ОҚО-да жәбір көрген бала ісімен арнайы прокурор айналысады - Жаңалықтар | BNews

ОҚО-да жәбір көрген бала ісімен арнайы прокурор айналысады

16 наурыз, 2018, 16:41 3280 Астана
ОҚО-да жәбір көрген бала ісімен арнайы прокурор айналысады

Бас Прокуратура таратқан мәліметте, Қылмыстық-процестік кодекстің 532-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құпиялылық құқықтарын сақтау қажеттігі ескертілген.

Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша арнайы прокурор Оңтүстік Қазақстан облысының кішкентай тұрғынына қатысты зорлық әрекеттері туралы арыз бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өз қарауына алды, делінген Бас Прокуратураның ресми сайтында.

"Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын сақтау және орын алған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдануда. Процестің барлық қатысушыларының өтінішхаттары негізінде кешенді сот-медициналық сараптамаға кәсіби мамандар жұмылдырылатын болады. Қылмыстық істің тергелу барысы Бас прокуратураның бақылауында", - делінген таратылған ақпаратта.

"Істің фигуранттары жасөспірім болғандықтан, Қылмыстық-процестік кодекстің 532-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құпиялылыққа деген құқықтарын сақтау қажеттігін ескертеміз. Жеке өмір туралы мәліметтерді көпшілік алдында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы жария еткен үшін Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Тергеу нәтижесі туралы ақпарат жасөспірімдердің құқығы мен заңды мүдделерін ескере келе, қоғам назарына тиісті көлемде жеткізіледі", - деп жазылған ресми сайтта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар