ОҚО-ға келген вице-премьер "Цифрлық Қазақстан" аясындағы жобалармен танысты - Жаңалықтар | BNews

ОҚО-ға келген вице-премьер "Цифрлық Қазақстан" аясындағы жобалармен танысты

ОҚО-ға келген вице-премьер

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Оңтүстік Қазақстан облысына іссапармен келді, деп хабарлайды BNews.kz Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сапар барысында вице-премьерге облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев цифрландыру жүйесі енгізілген бірқатар нысандарды көрсетіп, ондағы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобалармен таныстырды.

Вице-премьер А.Жұмағалиев бастаған жұмыс тобы алдымен Шымкент қалалық әкімдігінің фронт-офисіне аялдап, "цифрлық әкімдік" және жұмысқа қабылданатын ұстаздарды іріктеудің автоматтандырылған жүйелерімен танысты. Аталған бастамалар адами факторларды азайта отырып, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылатуға бағытталған.

Сондай-ақ, олар С.Ерубаев атындағы №24 мектебіндегі электронды журнал мен "Күнделік" жобасымен танысты. 

"Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыруды тапсырғаны белгілі. Ондағы мақсат – заманауи технологияның көмегімен қызметтің сапасын жақсартып, жемқорлықтың тамырына балта шабу. Міне, осы тапсырманы орындау үшін қолға алынған цифрландырудың пилоттық жобасын алғаш болып Оңтүстік Қазақстан облысы сәтті жүзеге асырып отыр. Осы жоба өзін толық ақтайтын болса, еліміздің барлық аймақтарында іске асырылатын болады", – деді Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Алмат Ищанов.

Сондай-ақ, вице-премьер бастаған жұмысшы топ Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, ондағы электронды қызмет түрімен танысты. Облыс орталығында бүгінге дейін халыққа 805 674 қызмет көсетілсе, оның 574 319-ы электронды қызмет түрі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары