Астананың Оқушылар сарайында ерекше балалар өнер көрсетті - Жаңалықтар | BNews

Астананың Оқушылар сарайында ерекше балалар өнер көрсетті

22 сәуір, 12:49 1802 Астана
Астананың Оқушылар сарайында ерекше балалар өнер көрсетті

Балаларға арналған республикалық фестивалдің гала-концерті 1 маусым күні өтеді.

Астанада ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған "ВІ – Жұлдызай" ХІІ республикалық шығармашылық фестивалінің І іріктеу туры мен "ВІ – Жұлдызай" республикалық спартакиадасының І туры болып өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Іс-шараға арнайы түзету білім мекемесінде оқитындар, коррекциялық сыныптар, инклюзивті білім тәжірибесін жүзеге асырып отырған жалпыбілім беретін мектептер қатысты. Ерекше күтімді қажет ететін балалар түрлі шығармашылық номинацияларда өздерінің таланттарын көрсетті: вокальды орындау, хореография, аспапты орындау, қолмен ымдап ән шырқау, декоративті-қолданбалы шығармашылық және өнертапқыштық. Фестиваль шеңберінде бірінші рет футбол, стол теннисі, асық ату, бес тас, голбол спорт түрлерінен спартакиада өтті.   

"Ерекше күтімді қажет ететін балалар өздерінің мүмкіндігі мен адам рухының мықтылығы шексіз екенін тағы да дәлелдеді. Сахнада таңғажайып сиқыр әлемі орнады, ортаға бірінен соң бірі шыққан шығармашылық ұжым өздерінің өнерлерін көрсетіп, мерекенің шырайын арттыра түсті", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған республикалық фестивалдің гала-концерті 1 маусым күні өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары