Олимпиада-2018: 1200 күзетші жұмыстан шеттетілді - Жаңалықтар | BNews

Олимпиада-2018: 1200 күзетші жұмыстан шеттетілді

06 ақпан, 18:50 1141
Олимпиада-2018: 1200 күзетші жұмыстан шеттетілді

Оларды жұмыстан шеттетуге күзет қызметкерлерінің көбінен норвирус анықталуы себеп болған.

Қысқы олимпиадалық ойындардың басталуына санаулы күндер қалғанда Пхёнчханда шу шықты. Норвирустың анықталуына байланысты 1200 күзетші жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды BNews.kz Франс-Пресс Агенттігіне сілтеме жасап. 

"Барлық күзетшінің ішінен 41-і кенеттен құсып, іші өткен. Олар ауруханаға жатқызылған, көбінен норовирустық жұқпа анықталған", - делінген хабарламада.

Пхёнчхандағы Олимпиада ұйымдастыру комитетінің өкілдері жұмыстан шеттетілген 1200 күзетшінің орнына 900 әскери қызметкер іске кіріскенін атап өтті.

Қазіргі кезде денсаулық сақтау ұйымдары норвирустың шығу себебін анықтауға кіріскен. Ал күзетшілер мен күзет компаниясының барлық жұмыскері Пхёнчхандағы спортшылар ауылынан бөлек орналасқан жастарды жаттықтыру орталығына жайғастырылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары