Олимпиада-2018 ойындарын қазақстандық үш телеарна тікелей эфирде көрсетеді - Жаңалықтар | BNews

Олимпиада-2018 ойындарын қазақстандық үш телеарна тікелей эфирде көрсетеді

07 ақпан, 13:37 1145 Астана
Олимпиада-2018 ойындарын қазақстандық үш телеарна тікелей эфирде көрсетеді

"ХАБАР", "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары Пхёнчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.

"ХАБАР", "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарын тарату құқығына ие болды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақпанның 9 мен 25 аралығында, мемелекетіміздің тұрғындары аталған мемлекеттік телеарналардан жылдың басты спорттық іс-шарасын тамашалай алады. 

"Qazaqstan" мен "Qazsport" 150-дей тікелей эфирдегі таратуды жоспарлаған. Тікелей эфир бағдарламаларын Есей Жеңісұлы, Альжанова Лилиана, Александр Олейник, Тимур Сүлейменов, Ермек Төрениязов, Евгений Левкин және Дана Нұржігіт жүргізеді.

"Хабар" телеарнасы барлығы 208 сағат болатын, 100-ге жуық тікелей трансляциялар көрсетеді. Эфир коментаторлары: Сергей Райлян, Андрей Неклюдов, Асхат Жақаев, Жандос Айтбай, Ержан Жиренбаев және Айбек Кабылшаев.

Құқық берушімен жасалған келісім ойындардың ашылу және жабылу салтанатты рәсімдерінің таратылуын да қамтиды.

Жарыстармен қатар, Олимпиада ойындарының күнделіктері қазақ және орыс тілдерінде соңғы жаңалықтарымен бірге, қатысушылардың сұхбаттарымен көрсетілетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, XXIII қысқы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхёнчан қаласында 2018 жылдың 9 және 25 ақпаны аралығында өтеді. Әлемнің 95 елінен 2900 спортшы 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы үшін бақ сынасады. Қазақстандықтар спорттың 9 түрінен, яғни биатлон, мәнерлеп сырғанау, коньки тебу, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру, фристайл акробатика, могул бойынша жарыстарға қатысады. 

Олимпиада ойындары екі кластерде орналасқан 12 спорт нысанында өтеді. Пхенчхан таулы кластерінде шаңғы спортынан жарыстар өтсе, жағажайдағы Каннын кластерінде коньки спортынан бәсекелер өтеді.

Қазақстан атынан ойындарға 62 спортшы қатысатынын осыған дейін хабарлағанбыз. Спортшыларға Олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында, Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сәттілік тілеген еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары