Олимпиаданың жартылай финалына қазақстандық шорт-трекші өтті - Жаңалықтар | BNews

Олимпиаданың жартылай финалына қазақстандық шорт-трекші өтті

22 ақпан, 17:07 1450
Олимпиаданың жартылай финалына қазақстандық шорт-трекші өтті

Абзал Ажғалиев 500 метрге жүгіруден жартылай финалға шықты. Никиша мен Жұмағазиев ширек финалда жарыс жолынан шығып қалды.

Пхёнчханда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 500 метрге жүгіруден қазақстандық шорт-трекші Абзал Ажғалиев жартылай финалға өтті, деп хабарлады ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Басқа екі спортшымыз Денис Никиша мен Нұрберген Жұмағазиев жартылай финалға өте алмады. Денис өз тобында 3-ші орынға ие болса, ал Нұрберген мәреге соңғы болып келді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары