ОҢАЙ! карталарының теңгерімінен енді қолма-қол қаражатты шешіп алуға болады

12 ақпан, 2018, 14:56 930 Алматы
ОҢАЙ! карталарының теңгерімінен енді қолма-қол қаражатты шешіп алуға болады

Қаражатты негізігі картаның теңгерімінен кез келген Qazkom банкоматтары арқылы шешіп алуға болады.

ОҢАЙ! мобильді қосымшасының қолданушылары ОҢАЙ! карталарынан қолма-қол қаражатты шешіп алу қызметін қолдана алады, деп хабарлайды BNews.kz.

Қаражатты негізігі картаның теңгерімінен кез келген Qazkom банкоматтары арқылы шешіп алуға болады.

"ОҢАЙ! картасының және мобильді қосымшасының қолданушыларынан алынған ұсыныстарды талдау нәтижесі, азаматтар жиі сұрайтын сұраныстардың бірі ОҢАЙ! карталарының теңгерімінен қолма-қол ақшаны шешіп алу мүмкіндігі туралы екендігін көрсетті. Енді бір картадан екінші картаға қаражатты аудару қызметіне мобильді қосымша арқылы жасалатын халықтың сұранысына ие болған қызмет түрі де келіп қосылды", - деді "Оңай Рау" ЖШС директоры Александр Зайкин.

Мобильді қосымшаның негізгі экранында "Аудару" тетігін басу қажет және "Қолма-қол ақшаны банкомат арқылы шешіп алу" қызметін таңдау қажет. Ары қарай қаражат шешіп алынатын картаны таңдау керек, қажетті қаражат мөлшерін көрсету керек және соңында операцияны растау қажет. Оңай картасының теңгерімінде сұраныс жасалған қаражат мөлшері бар болған жағдайда, телефон нөміріне операцияны растау үшін  арнайы код келеді, оны қосымшаға 30 минуттың ішінде енгізу қажет.

Телефонға "7000" қысқа нөмірінен 10-реттік санның (әрқайсысы 5 саннан) екі бөлігі келеді. Сол сандарды банкоматқа енгізу қажет. Ол үшін қолданушы "Қолма-қол ақшаны код арқылы алу" қызметін таңдауы қажет және екі бөлініп келген сандарды енгізу керек. Келесі кезекте ОҢАЙ! картасынан шешіліп алынатын қаражат мөлшері енгізіледі (комиссияның есебінсіз).

Шешіп алуға арналаған минималды сома – 2000 теңге, максималды сома – 20 000 теңге. Егер 24 сағаттың ішінде банкоматтан ақша шешіліп алынбаса, қаражат ОҢАЙ! картасының теңгеріміне қайтарылатын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар