Оңтүстік дихандары 400 мың тонна бау-бақша өнімін экспорттады

15 Ноября, 2017, 17:23 3739
Оңтүстік дихандары 400 мың тонна бау-бақша өнімін экспорттады |  | BNews.kz

Өңір шаруалары көкөніс пен бақша өнімдерінен басқа, күркетауық еті, сусындар мен ірі қара малға арналған азық пен балық консервілерін шығарып келеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары биылғы 9 айда Ресей, Беларусия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Эстония және Германияға 225 мың тоннадан астам қауын, 148 мың тонна қарбыз, 14 мың тоннаға жуық жүзім, 43 мың тонна шамасында қырыққабат экспорттаған. Соның ішінде бір Ресей нарығына 145 мың тоннадан астам қауын-қарбыз шығарылды.

Жалпы Оңтүстік Қазақстанда 21 кәсіпорын өз өнімдерін шетел асырып, экспорттайды. Аймақтың кәсіпкерлері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Тәжікстанға өсімдік майы мен ұн, балық сүбесі мен консервіленген балық, құс жұмыртқасын, макарон, кондитерлік өнімдерді, қой мен сиыр етін саудалауда.

Аграрлы аймақтың шаруалары көкөніспен қатар дәнді дақылдарды да экспорттауға ерекше басымдық беріп келеді. Мәселен, жыл басынан бері шет мемлекеттерге құны 17,6 млн долларды құрайтын бидай мен 49,3 млн долларға ұн өнімдері экспортталған. Жалпы ауыл шаруашылығы экспортының көлемі бүгінгі таңда 211,4 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға өскен. Ал импорт көлемі 320 млн АҚШ долларын құрап, 4 пайызға кеміген.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13990

Похожие новости