Оңтүстік Қазақстанда бірден екі басқарма басшысы тұтқындалды

05 желтоқсан, 2017, 10:24 1409 Оңтүстік Қазақстан облысы
Оңтүстік Қазақстанда бірден екі басқарма басшысы тұтқындалды

Тұтқындалғандар жеке кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырған, деп хабарлайды BNews.kz Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сайрам ауданында бір мезетте екі бірдей басқарма басшысы құрықталды. Дәлірегі, 2017 жылдың 29 қарашасында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сайрам ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі П. Утепов пен осы ауданның Әділет басқармасының басшысы З. Туйнебаевты тұтқындады.

Екеуі де жеке кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алғаны үшін ұсталып отыр. Яғни, кәсіпкерлердің қоғамдық тамақтанумен айналысатын сауда нүктелерін ашуына оң қорытынды беріп және кәсіпкерлік қызметін жүргізуге «қамқорлық жасау үшін» олардан 600 мың теңгеден алып келген. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті хабарлады.

2017 жылдың 30 қарашасында П. Утепов пен З. Туйнебаев ҚР ҚПК 128 бабы бойынша қамауға алынып, Шымкент қаласы ІІБ уақытша ұстау абақтысына жабылды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар