Түркістан облысының Жетісай ауданында 400 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналды

17 қараша, 2018, 13:26 2404 Астана
Түркістан облысының Жетісай ауданында 400 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналды

Ауданда "Алтын күз-2018" іс-шарасы өтті. 

"Алтын күз" мерекесіне орай жемістен пирамида жасалып,  сүт, нан өнімдері және ауылдық округтердің ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесі өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.  

"Түркістан облысы, оның ішінде Жетісай ауданы негізінен ауылшаруашылық бағытындағы салалардың барлығын қатар алып келе жатқан, соның арқасында дамып, тіршілігінің берекесін келтіріп отырған аймақ. Сондықтан аграрлық сектордағы жетістіктерімізді барша облыс еңбеккерлерінің ортақ жеңісі деп бағалаймыз. Ауданның табиғаты бақша өнімдерін дамытуға өте қолайлы. Жалпы биыл Жетісай ауданында 839 гектарға қырыққабат егілсе, одан 30701,2 тонна өнім алынған. Оның 80 пайызы шетелге экспортталған", - деді Жансейіт Түймебаев.

Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 78 мың гектарды құрайды. Соның биыл 48 262 гектарына ақ алтын дәні себілсе, аудан тауар өндірушілері осы жылы мақтаның әр гектарынан 25,2 центнерден өнім жинап, облыста ең жоғары көрсеткіштердің біріне қол жеткізді.

Ауданда осы жылы 15019,2 гектарға бақша өнімдері отырғызылған. Ал, одан алынған өнімнің жалпы көлемі 426159 тоннаға жетті. Мәселен, 8621,7 гектарға қауын, 6397 гектарға қарбыз егілсе, оның 30 пайызы шетелге экспортталды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар