Оңтүстік Кореяда Қазақстанның мәдениет және әдебиет халықаралық форумы өтуде

30 қазан, 2018, 13:09 1972
Оңтүстік Кореяда Қазақстанның мәдениет және әдебиет халықаралық форумы өтуде

Форумның мақсаты – қазақстандық мәдениеттің әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялануы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесіп "Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет" атты Қазақстанның мәдениет және әдебиет Халықаралық форумын өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz

Форумның мақсаты – қазақстандық мәдениеттің әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялануы болып табылады. Мәдениет саласындағы қазақстандық өкілдердің басқа елдердің әріптестерімен тығыз шығармашылық өзара іс-байланысын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар аясында әдебиеттегі ең соңғы үрдістерді түсіну үшін жан-жақты жұмыс жүргізілетін болады. Мәдениет пен өнер саласындағы кәсіби мамандардың қазақстандық ұлттық сәйкестік идеясы шеңберіндегі күш-жігерлерін біріктіріп, Қазақстан мен оның халқын әлемдік өркениеттің маңызды элементі ретінде позициялаудағы рухани және адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы әдебиеттің рөлі мен мәдени алмас, сондай-ақ, кәсіби ынтымақтастыққа негізделген.

Форум аясында "Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнері" атты фотокөрме, Қазақстан суретшілері мен дизайнерлер одағының мүшесі Наталья Лигайдың "Мөлдір түсті" суреттерінің көрмесі, қазақстандық авторлардың ағылшын тіліндегі кітаптарының тұсаукесері өтеді. Аталмыш орталық 2016 жылы Кореяның Ұлттық кітапханасында ашылған болатын. Айта кету керек, 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында "Кореяға терезе" бұрышы жұмыс істейді.

Іс-шараға жазушылар, ақындар, драматургтар, ғалымдар мен зерттеушілер, әдебиеттанушылар, журналистер, суретшілер, сондай-ақ шетелде тұратын қазақ  диаспорасы өкілдері қатысады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар