Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиада ойындары "Хабар" арнасынан көрсетіледі - Жаңалықтар | BNews

Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиада ойындары "Хабар" арнасынан көрсетіледі

05 ақпан, 09:52 728
Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиада ойындары

Олимпиада 9 ақпанда басталады.

"Хабар" агенттігі - қысқы Олимпиада ойындарының трансляциясын көрсетуге құқығы бар отандық арналардың бірі, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Олимпиада ойындары 9 ақпанда басталады. Оған әлемнің 90 елінің спортшылары қатысады. Күллі әлем көз тіккен додада спорттың 15 түрінен 102 медаль сарапқа салынады.

"Хабар" агенттігінің тілшілері Оңтүстік Кореяға келіп жетті. Пхёнчхандағы Олимпиада ойындары кезінде екі бірдей түсірілім тобы жұмыс істемек. Олар ақпан айының 5-26 аралығында тікелей эфирлер жүргізіп, спортшыларымыздың жетістіктерін жайлы баяндамақ. 

Айта кетейік, Олимпиада ойындары екі кластерде орналасқан 12 спорт нысанында өтеді. Пхенчхан таулы кластерінде шаңғы спортынан жарыстар өтсе, жағажайдағы Каннын кластерінде коньки спортынан бәсекелер өтеді.

Қазақстан атынан ойындарға 62 спортшы қатысатынын осыған дейін хабарлағанбыз. Спортшыларға Олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында, Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сәттілік тілеген еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары