Оңтүстік Кореядағы олимпиада қалашығында алғаш болып еліміздің туы ілінді - Жаңалықтар | BNews

Оңтүстік Кореядағы олимпиада қалашығында алғаш болып еліміздің туы ілінді

29 қаңтар, 11:23 1292
Оңтүстік Кореядағы олимпиада қалашығында алғаш болып еліміздің туы ілінді

Пхенчхан мен Каннындағы олимпиадалық қалашықтар қазақстандық спортшылардың қабылдауға дайын, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдастыру комитеті бәрін қадағалап, спортшыларымыз үшін барлық жағдай жасап қойды. Пхенчхан мен Каннындағы олимпиада қалашықтарында алғаш болып еліміздің туы ілінді.

Естеріңізге сала кетсек, қысқы Олимпиада ойындарының басталуына бір аптадан астам уақыт қалды. Пхенчханда қазақстандық спортшылар 9 спорт түрінен 46 жолдама жеңіп алды.

Олимпиада ойындары екі кластерде орналасқан 12 спорт нысанында өтеді. Пхенчхан таулы кластерінде шаңғы спортынан жарыстар өтсе, жағажайдағы Каннын кластерінде коньким спортынан бәсекелер өтеді. Олимпиада ауылдары екі кластерде болмақ.

Олимпиада ауылына бірінші болып ақпанның бірінде біздің биалтоншыларымыз орналаспақ. Ертеңінде тау шаңғышыларымыз бен конькишілеріміз кіреді. Артынша, шорт-трекшілер мен могулшылар жайғаспақ. Шаңғышылар мен тұғырдан секірушілер ақпанның 5-де оларға қосылады. Фристайл-акробатикадан ұлттық құрама Кореяға ақпанның сегізінде келеді. Мәнерлеп сырғанаушылар жарыс өтетін жерге жеке-жеке келмек.

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында өтеді. Ашылу салтанатында еліміздің көк туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын Қазақстан құрамасы Пхенчхандағы Олимпиада-2018 ойындарына аттанды. Қазақстан құрамасын Оңтүстік Кореядағы Олимпаида-2018 ойындарына шығарып салу рәсімі Алматы облысында өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары