Оңтүстікқазақстандық жастар Қызылорда облысына эстафета жолдады

15 наурыз, 2018, 15:25 4303 Оңтүстік Қазақстан облысы
Оңтүстікқазақстандық жастар Қызылорда облысына эстафета жолдады

Оңтүстік жастары "Рухани жаңғыру" аясында тазалық акциясын өткізіп, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Оңтүстік Қазақстанда Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма Қазығұрт ауданындағы "Кеме қалған"  монументі маңында Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы аясында тазалық акциясын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Киелі Оңтүстік Қазақстан" тақырыбында өткен шараның мақсаты – аталған аумақты көгалдандырып, тазалық жұмыстарын жүргізу. Тазалық шарасына облыстың жоғары оқу орнында білім алып жатқан 500-ге жуық  белсенді студент қатысты. Оның 150-і ерікті жас.

"Бүгінгі акцияда жастар өңіріміздің киелі орындарын тазалап, көріктенуіне үлес қосты. Шара мұнымен шектелмейді. Біз мұны видеоэстафеда түрінде қызылордалық жастарға жолдағалы отырмыз", – деді басқарма  басшысы Балмаржан Нарбекова.

Акция аясында "Кеме қалған" ескерткішінің аумағына 1000-нан астам 4 түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, белсенді жастардың қатысуымен тау бөктерінде флешмоб биі ұйымдастырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар