Оралда шақыруға шыққан өрт сөндіру көлігі аударылып қалды - Жаңалықтар | BNews

Оралда шақыруға шыққан өрт сөндіру көлігі аударылып қалды

13 қыркүйек, 15:48 496 Батыс Қазақстан облысы
Оралда  шақыруға шыққан өрт сөндіру көлігі аударылып қалды

Оралда өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің автокөлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Bnews.kz.  Көлік шақыртуға асығып бара жатып, бұрылыста аударылып қалған.

Оқиға бүгін таңертең болды. Куәгерлердің айтуына қарағанда, өртке қарсы қызметінің көлігі Алмазов көшесінен Тайманов көшесіне бұрылмақ болған.

«Жүргізуші жылдамдықты азайту керек еді. Бірақ ал бұрылысқа сыймады. Сөйтіп жанымен құлады», - деді куәгер Сергей Потапов.

«Апаттан құтқару жұмыстары және өрт сөндіру қызметі» ММ қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен автокөлікті жолға қойды. Дегенмен, бұл жерде уақытша жол жабылып, көлік жүргізушілері көшені айналып өтуге мәжбүр болды.

«Соңғы кезде көлік жүргізушілерінің қатысуымен көп апат болады. Ал енді өрт сөндіру көлігі аударылды. Арнайы техниканың жүргізушілері жол өте мұқият болу керек деп есептеймін», - деді Орал тұрғыны Сәуле Әділова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар