Оралда автобус ер адамды басып қалды - Жаңалықтар | BNews

Оралда автобус ер адамды басып қалды

03 наурыз, 18:31 2908 Батыс Қазақстан облысы
Оралда автобус ер адамды басып қалды

Қайтыс болған ер адам автотұрақта темір ұстасы болып жұмыс істеген.

Оралда автопарктің темір ұстасы автобус астында қайтыс болды, деп хабарлайды BNews.kz. Оқыс оқиға бүгін түске дейін орын алған.

№2 жолаушылар автобусы Жәңгір хан көшесімен келе жатқан бетте алдыңғы дөңгелегінің желі шығып кетеді. Жүргізуші бірден жол шетіне шығып автопарктен темір дәнекерлеушіні шақырады. Біраз уақыттан кейін ол келіп жұмысына кіріседі. Жұмыс барысында көтергіш құрал түсіп кетіп, ер адамды автобус басып қалған. Алған жарақатынан темір дәнекерлеуші бірден қайтыс болды.

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінде хабарлағандай, дөңгелек ауыстыру барысында сақтандырғыш тіреуіш қойылмаған.

"Дөңгелек ауыстыру барысында автобус астына сақтандырғыш тіреуіш қойылмаған. Қайтыс болған адамның жасы 62-де болған", - деді БҚО ТЖД бас құтқарушы-психологы Лейла Әбдірахманова.

"МАЗ" маркалы автобусы  "Орал Тех Сервис" автопаркіне тиесілі болған.

Ұқсас жаңалықтар