Оралда аяз салдарынан мектеп оқушыларына сабақ болмайды - Жаңалықтар | BNews

Оралда аяз салдарынан мектеп оқушыларына сабақ болмайды

02 наурыз, 2018, 10:47 1870 Батыс Қазақстан облысы
Оралда аяз салдарынан мектеп оқушыларына сабақ болмайды

Бүгін 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды.

2 наурызда Батыс Қазақстан облысының орталығында 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлайды BNews.kz.

Орал қаласының тұрғындарына аймақтық Төтенше жағдайлар департаменті сабақ болмайтыны туралы смс-хабарлама жіберді. Мектепте сабақ қолайсыз ауа райының салдарынан тоқтатылды. 

"Қатты аяз, ауа температурасы -27°С. 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды", - делінген хабарламада.

БҚО бойынша ТЖД аяздың күшейіп жатқанын атап өтті. Қазір ауа температурасы тағы бір градусқа төмендеді. Сонымен қатар, желдің қарқыны 11 м/с.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар