Оралда сынамалы ҰБТ кезінде мұғалім қайтыс болды - Жаңалықтар | BNews

Оралда сынамалы ҰБТ кезінде мұғалім қайтыс болды

06 наурыз, 13:12 983 Батыс Қазақстан облысы
Оралда сынамалы ҰБТ кезінде мұғалім қайтыс болды

Қалалық мектеп мұғалімі оқушыларын сынама Ұлттық біріңғай тестілеуге әкеліп, өзі сол жерде қайтыс болған.

Орал қаласында сынама ҰБТ кезінде мұғалім қайтыс болды, деп хабарлады uralskweek.kz. № 32 мектептің 11 сынып жетекшісі Өтемісов атындағы БҚМУ-нің қабырғасында оқушыларының көз алдында көз жұмған.

"№32 мектептің ұстазы оқушыларын сынама ҰБТ-ға алып келген. Оқушылар дәрісханаларға кетіп, мұғалім дәлізде күтіп отырған. Шамамен сағат 13.10-да мұғалімнің денсаулығы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақыртылған. Алайда көмек жарты сағаттан аса уақыттан кейін бірақ келген. Дәрігерлер келгенімен, үлгере алмады. Түс уақыты болғасын БҚМУ-нің медициналық қызметкері түскі асқа кетіп, орнында болған жоқ. Нақты диагнозын білмейміз, алайда әйелдің жоғары қан қысымы бар болғаны белгілі", - деді ҰБТ орталығындағы мамандар.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында болған жағдайға қатысты түсініктемені кейін беретіні айтылды.

Ұқсас жаңалықтар