Оралда цифрлық ХҚКО ашылды

17 қаңтар, 2019, 10:39 1645
Оралда цифрлық ХҚКО ашылды

Орталықта аптасына 6 күн бойы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында оқыту сыныптары жұмыс істейді.

Оралда Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұған дейін мұндай орталықтардың қызметі республикалық маңызы бар қалаларда ғана қолжетімді болатын, деп хабарлады 24.kz. 

Орталықта аптасына 6 күн бойы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында оқыту сыныптары жұмыс істейді. Бұл жерде кез келген тұрғынның өз білімін шыңдауға мүмкіндігі бар. Заманауи үлгідегі цифрлық технологиялармен жабдықталған фронт-офис азаматтар үшін арнайы стенд-павильондармен жабдықталған. Сонымен қатар, қоғамдық қол жеткізу пункттері, "ConnectionPoint" өз-өзіне қызмет көрсету секторының да пайдасы мол болмақ. Мұнда келушілер планшеттердің көмегімен электрондық өтінімдерді өз бетінше тапсыра алады. Сондай-ақ оператордың көмегінсіз өздеріне қажет кез келген құжатты рәсімдеп, цифрлық сауаттылық дағдыларын шыңдай алады.

"Бұрын ұзын-сонар кезекке тұратынбыз, қашан, қай уақытта бұл шаруаң біте ме, бітпей ме, білмейсің. Ал қазір бәрі басқаша. Өзіңе ыңғайлы уақытта келіп жеке шаруаңды жасай беруге болады", - деді қала тұрғыны Қайырбек Бижанов.  

"Мемлекеттік қызмет көрсету реестрі бойынша қазіргі таңда 741 мемлекеттік қызмет түрі болатын болса, соның 454 мемлекеттік қызмет түрі электронды түрде көрсетіледі. Яғни бұл дегеніңіз 454 қызмет түрін осы орталық арқылы цифрлық орталық арқылы алуға мүмкіндік бар деген сөз", - деді "Ааматтарға арналған үкімет" МК ОФ PR-менеджері Жәдігер Дәрменов.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Батыс Қазақстан облысы #цифрлық технологиялар #ХҚКО

Читайте также

Похожие новости